• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2014

Кәсіпкерлікті дамыту жайы сөз болды

270 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуге орталық атқа­рушы органдардың, ұлттық ко­мпаниялардың, салалық қауым­дастықтардың басшылары қатысты. Кеңес барысында ұлттық валюта бағамына түзетулер енгізуге байланысты, кәсіпкерлік саланы дамытудың көкейкесті мәселелері талқыланды. Кеңесте ҰКП комитеттері мен салалық қауымдастықтар басшылары сөйледі. Кездесу барысында тараптар экономиканың басым салаларында одан әрі макроэкономикалық және әлеу­меттік тұрақтылықты сақтау бойынша пікір алмасты. Кездесуді қорытындылай келе, Премьер-Министр кеңес­те көтерілген мәселе­лердің өте маңызды екенін және Үкі­меттің барлық ұсы­ныс­тар­ды мұқият қарайтынын атап көр­сетті. «Барлық мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады, оның көпшілігі бойынша біз Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен кеңесетін боламыз», деді С.Ахметов.
Соңғы жаңалықтар