Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бірнеше салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін екі қазақ оғланы алтын жүлдеге таласуға тиіс болса, бірінші болып рингке 48 кило салмақтағы саңлағымыз Теміртас Жүсіпов көтерілді. Тайланд боксшысы Вуттичай Юрачаймен жұдырықтасқан қазақ баласы ұтымды тактика қолданып, арақашықтықты дұрыс сақтай білді. Джеб соққылары арқылы қарсыласының қорғанысын бұзып, кейін жойқын соққыларын дарытуға көшкен ол тайландтықты шыр айналдырып жүріп жеңісті жұлып алды. Осылайша Теміртас 33 жасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді.