Павлодарлық орман қызметкерлері заңсыз ағаш кесті деген күдікке ілінді. Кесілген ағашты олар көрші облысқа тасыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Аққулы ауданының полицейлері «Ертіс Орманы» РММ қызметкерлерін 1 млн теңгеге жуық қарағай түріндегі қураған ағаштарды заңсыз кесті және ұрлады деген күдікпен ұстады.
«Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Шакин ауылдық округінде белгісіз тұлғалардың Баймбет орманшылығы аумағында әртүрлі орамдарда 18,25 текше метр көлемінде қарағай түріндегі қураған ағаштарды заңсыз кескендерін және әкеткендерін анықтады. Жүк көлігінің іздері полиция қызметкерлерін көрші облыстағы ауылдардың біріне апарды. Ауылды аралау кезінде полицейлер ауласына орман ағаштары жиналған үйді тапты. Бұлар заңсыз кесу орнында табылған ағаштарға ұқсас болды. Сондай-ақ, үйдің ауласында ағаш өңдеуге арналған аралау құрылғысы орналасқан», деді департаментте.
Заңсыз ағаш кесу фактісі Шарбақты ауданында да анықталды. Орман ұрлады деген күдікпен 36 жастағы павлодарлық анықталып, ұсталды. Ол Шалдай ауылдық округінің Садық-ащы ауылының жанындағы орман алқабында құрғақ және дымқыл өскен орманды заңсыз кесіп тастаған.
Шығын сомасы 1 млн теңгеден асты. Полиция екі факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Айта кетейік, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер орманды заңсыз кесу мен ұрлаудың 35 фактісін анықтады.