• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 07 Қараша, 2021

ҚР Президенті қаза болған кеншілердің жақындарына көңіл айтты

395 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.