• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қараша, 2021

«Абай» шахтасындағы апат: Қаза болғандар мен зардап шеккендердің есімдері белгілі болды

562 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Абай» шахтасында кеңес өткізді. Жағдай туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел штаб құрылды, оған компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Облыс және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барады.

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

«Абай ауданы аумағындағы шахтада болған апат фактісіне байланысты Қазақстан Республикасы кылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінен.

Апатқа байланысты Қарағанды облыстық ТЖД-да жедел телефон нөмірлері жұмыс істей бастады: 8 (7212) 51-11-10, жедел желі - 8 (7212) 51-72-23.

«Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілердің тізімі:

Шмидт Виталий Владиславович, 1979 ж.т.;

Скитченко Николай Николаевич 1968 ж. т.;

Абдуллин Наиль Рамильевич, 1990 ж.т.;

Супрунов Алексей Алексеевич, 1987 ж. т.;

Краус Сергей Юрьевич, 1983 ж. т.;

Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 ж.т.

«Абай» шахтасында зардап шеккен кеншілер:

Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 ж.т.;

Зейналов Элайдын Авез-оглы, 1960 ж.т.