• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қараша, 2021

Ақтоты Райымқұлова боксшыларды құттықтады

182 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыларды құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

«Құрметті Сәкен Исмадиярұлы! Сізді бокстан Белградтағы XXI Әлем чемпионатында жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз әлемнің мықтылары бас қосқан Сербиядағы бəсекеде жоғары дайындығыңыз бен өзгеше жұдырықтасу мəнеріңізді паш етіп, өз салмағыңызда қарсылас шақ келтірмеген былғары қолғап шеберісіз. Биылғы Əлем чемпионатында бай дәстүрі бар қазақ бокс мектебі – жер жүзі мойындаған мықтылар ордасы екенін тағы бір мəрте паш еттіңіз. Сіздің бүгінгі жетістігіңіз байтақ отанымыздың түкпір-түкпіріндегі өрендердің спортқа, оның ішінде бокс өнеріне деген құштарлығын арттыра береді деп сенемін. Алдағы уақытта да шаршы алаң төрінде мерейіңіз үстем түсе берсін. Лайым осы жолда еңбегіңіз берекелі болып, қажыр-қайратыңыз арта берсін»,  деп  құттықтауын Сәкен Бибосыновқа жолдады.

Сонымен қатар мәдениет және спорт министрі Серік Теміржановты да жеңісімен құттықтады.

«Құрметті Серік Теміржанов! Сізді бокстан Сербияда өткен XXI Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз Белградтағы бәсекеде жоғары физикалық және психологиялық дайындықтың жарқын үлгісін көрсеткен шебер боксшысыз. Ақтық сында бар күшіңізді салып, қарсыласпен тең дәрежеде жұдырықтастыңыз. Əлем чемпионатында жүлде жеңіп алған тұңғыш Кереку өңірінің былғары қолғап шебері атандыңыз. Сіздің бұл жетістігіңіз өлкедегі жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру түсуіне тілектеспін. Алдағы уақытта да талай сында тұғырлы көк байрағымызды биікте желбіретіп, айбарлы əнұранымызды шырқата беріңіз. Лайым осы жолда еңбегіңіз берекелі болып, қажыр-қайратыңыз арта берсін», деді Ақтоты Райымқұлова.