• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қараша, 2021

Жамбыл облысында жолға шыққан малдары үшін 27 адам айыппұл төледі

474 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында мал жаю ережелерін бұзудың 269 дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үй жануарларының жолға шығып кетуінен болатын көлік оқиғаларын ескерту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар жолдарға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары мен қосалқы шаруашылық иелері арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы 27 қазаннан бастап мал жаю ережелерін бұзудың 269 дерегі анықталды, 242 ескерту жасалып, 27 әкімшілік айыппұл салынды.

«31 қазан-1 қараша аралығында аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен, оның ішінде әкімдермен, ветеринариялық дәрігерлермен және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 1-бөлігі бойынша 44 дерек анықталды. Атап айтқанда, Байзақ ауданында 5 дерек, Жуалы ауданында – 5, Қордай ауданында – 3, Меркі ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 5, Тұрар Рысқұлов ауданында – 9, Сарысу ауданында – 4, Талас ауданында -11 дерек. Сонымен қатар, үй жануарларын жарық шағылыстырғыш элементтермен жабдықтау қажеттігі туралы, сондай-ақ автомобиль жолдарының жанында мал жаюға жол бермеу туралы халықпен кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.