Әуесқой бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде жалпыкомандалық есепте Куба құрамасы топ жарса, Қазақстан екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл додаға әлемнің жүзден астам мемлекетінен шамамен 650 боксшы қатысты. Ұлттық құрамалардың қамтылуы және боксшылардың саны жағынан Сербияда ұйымдастырылған жаһандық дода бұған дейінгі әлем чемпионаттарын қоса есептегенде екінші көрсеткіш. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленгенін айта кеткен жөн.
Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін AIBA ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады. Шамасы ширек финалға дейін 10 боксшымыздың жеткені ескерілген болуы керек, бұл рейтингте Қазақстан құрамасы топ бастады.