• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2014

Бас прокуратурада маңызды меморандумға қол қойылды

270 рет
көрсетілді

Бүгін, 21 ақпан күні Астанада Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен Қазақстан интернет ассоциациясының президенті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Маңызды басқосуда А. Кравченко үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе қолға алынатын істерді және интернет желісіндегі ақпараттарды жүйелеу қажеттігін атап өтті. Онда жарияланатын материалдар елдің тыныштығын бұзбауы, жастарды жағымсыз әрекеттерге итермелемеуі тиіс. Бұл ретте экстремизмді және нәпсіқұмарлықты насихаттауға қатаң тыйым салынады. Прокуратура органдары  осы уақыт аралығына дейін мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, 90 000 аса интернет-ресурстарға мониторинг жүргізді. Бұл іс негізінен 2011 жылдан бастап қолға алынған болатын. Анықталған заң бұзушылық бойынша қажетті шаралар қабылданды. Бұл жолғы кездесу барысында тараптар халықаралық тәжірибе жөнінде ой бөлісіп, маңызды бағдарламалардың тиімді орындалуы қажеттігіне басымдық берді. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.