• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қараша, 2021

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

222 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті интернет-казиноны ұйымдастырудың екі дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда қаласының тұрғындары Д.Болат пен Қ. Аяхметов үй-жайды жалға алып, оған «Fruit Loto», «Lucky Lady Charm», «Crazy Monkey», «Lucky Haunter» интернет-казино бағдарламалары бар компьютерлер орнатқан.

Нәтижесінде ойыншылар компьютерлер арқылы бәс тігу мен ұтыстарды алуды іске асырғаны анықталды.

Қ.Аяхметовке 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, Д. Болат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.