• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қараша, 2021

Инспекторлар жұмысшылардың 4,9 млрд теңге жалақысын өндіріп берді

1411 рет
көрсетілді

Биылғы 1 қарашада Мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 847 кәсіпорын 21,9 мың жұмыскерге 5 млрд теңгеден астам жалақысын бермегенін анықтады, деп жазады Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,9 млрд теңге төленді.