ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өңдеу өнеркәсібіндегі тұрақты өсу үрдісі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Осы жылдың қаңтар-қазан айларында өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті. 14 өңір оң өсім көрсетті. Ең көп ұлғаю Алматы, Қостанай және Қызылорда облыстарында байқалады. Өңдеуші өнеркәсіп салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндірісінің 33,6%-ға, машина жасау өнімі - 19,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасау - 23,4%-ға, вагондар мен локомотивтер өндірісі - 59%-ға, құрылыс материалдары - 9,3%-ға, пластмасса бұйымдары - 36,5%-ға, дайын металл бұйымдары - 16,4%-ға, киім-кешек - 11,4%-ға және жиһаз - 11,8%-ға қарқынды өсуі қамтамасыз етілді», деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.