• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Қараша, 2021

БЖЗҚ салымшыларына пәтер алу үшін 2 трлн теңге берілген

183 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 337,3 млрд теңгеге немесе 2,6%-ке ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы қазанның соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бастап 337,3 млрд теңгеге немесе 2,6%-ке ұлғайып, 13,2 трлн теңге болды. Ал 31 қазанда салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы үшін 2 трлн теңгеге 545,5 мың өтініш орындалды, оның ішінде 1,950 млрд теңге немесе 97,1% тұрғын үй мәселелерін шешуге тиесілі болды»,  деді Е. Досаев Үкімет отырысында.

Банк төрағасының айтуынша, биылғы жыл басынан бері есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 1,2 трлн теңге болды, оның 14%-і валюталық портфель активтеріне тиесілі.

«Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 7% инфляция кезінде 9,9% мөлшерінде кіріс алынды, сәйкесінше салымшылар үшін 2,9% мөлшерінде нақты кіріс қамтамасыз етілді», деді Е. Досаев.