• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №377

264 рет
көрсетілді

2012 жылғы 10 қазан,  Астана қаласы «Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін және осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы  19 қыркүйектегі №329 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар­дың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін және осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 қыркүйектегі №329 бұйрығының (Норма­тив­тік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 17 қазандағы №7261 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 сәуірдегі №114-115 (26933-26934) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Тау-кен метал­лургиялық кешендегі жергілікті қамту департаменті (С.Кәмелі) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұ­қаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамта­масыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министрдің міндетін атқарушы А.РАУ.