• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қараша, 2021

Жезқазған орталық ауруханасынан шыққан өрттің себебі белгілі болды

133 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі 60 жастағы науқас қаза тапқан Жезқазғанның орталық ауруханасындағы өрттің себебін атады. Сараптама қорытындысы бойынша, от жылытқышты дұрыс пайдаланбағандықтан тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өрттің себебі - төсек-орын жабдықтарының, үй заттарының, кереуеттің және басқа мүліктің тұрмыстық электр жылытқыштың жылу әсерінен, онымен тікелей байланыста болған кезде немесе ол жеткіліксіз қашықтықта орналасқан кезде тұтануы», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Жезқазған орталық ауруханасындағы палаталардың бірін от шарпыды. Өрт төртінші қабатта пайда болды.

Оқиға орнынан 1961 жылы туған науқастың денесі табылды.