Қазақстандық Тимофей Скатов Уругвайдағы Монтевидео челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингте 262-орында тұрған Тимофей Скатов алғашқы айналымда әлемнің 140-ракеткасы, чилилік Алехандро Табиломен кездесті.
Бірінші партия барысында Табило алға озды. Десе де, брейк жасап, сет-пойнтты пайдалана білген қазақстандық теннисші басымдық танытып, 6:3 есебімен жеңді.
Екінші сетте Скатов матчты тағы бір брейкпен тәмамдады. Есеп - 6:4.
Т.Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 130-ракеткасы, боливиялық Уго Дельенмен күш сынасады.