• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қараша, 2021

Жамбыл облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды

179 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Меркі ауданында пневматикалық қарудан жарақат алған 14 жастағы Тескентоған ауылының тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 9 қарашада болды. Полиция оқушының досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қару алып, далада құс атқан кезде жарақат алғанын анықтады.

КТК телеарнасының айтуынша, бала басынан алған жарақаттан қайтыс болды. Полиция әзірге бұл істі «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша тіркеді. Марқұмның туыстары кінәлілерді жазалауды талап етеді. «Олардың жазаланғанын қалаймын, өйткені қаруларын қараусыз қалдырған. Өз баласын қорғап, біздің баламыз өзін атып тастады деп отыр. Сонда бұл суицид болғаны ма? Бірақ олай емес. Бұл - ересектердің немқұрайдылығы», дейді марқұмның туысы Балғын Балқарбай.