Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Алжир және Тунистегі елшісі қызметін қоса атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет, Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.