• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қараша, 2021

Биыл 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған – статистика

833 рет
көрсетілді

Қазақстанда пандемияға байланысты кәсіпорынның қызметті тоқтатуына байланысты 3,6 мың адам уақытша жұмыссыз жүр. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы үшінші тоқсанда Қазақстанда 8,8 млн адам еңбекпен қамтылған. Олардың арасында 6,7 миллионы немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1% - жалдамалы қызметте істейді.

Еліміздегі жұмыссыздар саны – 450,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Ведомство мәліметіне сәйкес, елімізде еңбек нарығы қалпына келе бастады. Мәселен, биылғы үшінші тоқсанда екінші тоқсанмен салыстырғанда негізгі жұмыс орнында жұмыс көлемінің төмендеуіне  немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша аз сағатқа еңбекке тартылғандар саны 5,3 пайызға азайды және 242,9 мың адамды құрады.

Қызметті тоқтату себебіне байланысты уақытша жұмыс істемейтіндер саны 3,6 мың болып отыр. Оның ішінде 19,7% - көлік және жинақтау, 15,5% - тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, 15,3% - өнер, ойын-сауық және демалыс. Жұмыспен қамту органдарында 2021 жылғы қазан айының соңына 193,5 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күші санының 2,1% құрады.