Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда үндістандықтар Шрирамбалай Нараянасвами - Дивиж Шаранмен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Недовесов пен Молчанов 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Қарсыластары 2 эйспен шектелді. А.Недовесов пен Д.Молчановтың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.