• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 13 Қараша, 2021

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай бірқатар іс-шара өтеді

1003 рет
көрсетілді

Елордада 15-25 қараша аралығында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күндері жарияланды. Бұл күндері қалада қоғам назарын аударуға бағытталған түрлі ауқымды іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«АИТВ: әрбірін түсіну» тақырыбы шеңберінде 10 күн ішінде қала тұрғындарын АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша, әсіресе жастар арасында хабардар ету және барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту арқылы қауіпсіздікті қалыптастыру, кемсітушілікті жою сияқты іс-шаралар өткізілетін болады:

- 17 қарашада онлайн форматта әлеуметтік желілерде және YouTube арнасының тікелей эфирінде Қазақ ұлттық өнер университетінің классикалық камералық концерті өтеді.

- 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жастар форумы өтеді.

- 24 қарашада медициналық университет студенттері арасында пікірталас өтеді.

Осы іс-шаралармен қатар, 15-25 қараша аралығында қаланың ірі жоғары оқу орындарында студенттерді АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша акция ұйымдастырылады.  10 күн бойы күнделікті ЖИТС орталығының Достық кабинетінде Ашық есік күндері өтеді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде үкіметтік емес ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындары үшін #Услышать каждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone атты челлендж ұйымдастырылады.

Орталықта тіркелген, АИТВ-мен өмір сүретін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы беріледі. Іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен, Білім басқармасымен, Қазақ ұлттық өнер университетімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өткізіледі. 

Оның қорытындысы бойынша 25 қарашада БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы өтеді.