Қазақстандықтар Ташкентте самбодан өтіп жатқан 2021 жылғы әлем чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Ажар Салықова әлем біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды. Ол финалда 65 келіге дейінгі салмақта украиналық Юлия Гребеножкоға 0:1 есебімен ұтылды.
Тағы бір күміс медальды бүгін Қазақстан қоржынына 72 келі салмақта сынға түсіп жатқан Ділдаш Құрышбаева салды. Ол финалда Израиль спортшысы Алис Шлезингерге жол берді.
Бұған дейін Рахат Жанәниет пен Гүлдана Әлмұхамбетова алтын медаль, Райхан Мәди күміс медаль жеңіп алған болатын. Ал Болатбек Райымқұлов қола медаль қол жеткізген еді.