• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2014

Ақтөбеде облыстық сот қызметкеріне күдік келтірілді

503 рет
көрсетілді

Жуырда Астанада өткен судьялардың сьезіне қатысты Ақтөбе облысында дау шықты. Бұл туралы «Жетінші арна» хабарлады. Ақтөбе облыстық сотының кеңсе қызметкері Қайсар Асқаров судьялардың елордаға барып-қайтуына арналған қаражатын «жеп қойған» көрінеді. Әріптестерінің айтуынша, ол бюджеттен бөлінген 1 млн.теңгеден аса қаржыны өз қажетіне жаратқан. Сосын таныс кәсіпкерден қарыз алып төлеуге мәжбүр болыпты. Осыған орай, онымен бірге қызмет істейтін азаматтар кеңсе қызметкерін «алаяқтық жасады» деп айыптап отыр. Бұл уәжге дәлел ретінде Қ. Асқаровтың кәсіпкерден қарыз алған қолхаты бар. «Қ. Асқаровтың алаяқтық әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде бұл азамат сот жүйесінде қызмет атқармайды», - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлзия Мақсатқызы. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Жетінші арна». Фото: Oksh.kz.