Республикамыз азаматтары наурыз айындағы мерекелердің жұмыс күніне сәйкес келуіне байланысты қосымша бірнеше күн демалады. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Биылғы жылы 8 наурыз-Әйелдер күні сенбі күніне сәйкес келіп тұр. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңда «демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады» деп атап көрсетілген. Осыған байланысты дүйсенбі күні демалыс болуы қажет. Нақтырақ айтқанда, көпшілік наурыз айының 8-10 күндері аралығында демалады.
Наурыз мейрамы елімізде 21-23 күндері аталып өтетіні белгілі. Биылғы күнтізбе бойынша наурыз айының 22- 23 күндері сенбі мен жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан дүйсенбі мен сейсенбі күндеріне де демалыс жарияланады. Ол бойынша азаматтар наурыз айының 21- 25 күндері демалады.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: Nur.kz.