• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қараша, 2021

Ақынның немересі – әлем чемпионы

161 рет
көрсетілді

Әбу-Даби қаласында Шығыс жекпе-жегі – джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында Қарағанды қаласынан барып бақ сынаған Әли Ақсұңқар тамаша өнер көрсетіп, дүниежүзілік доданың жеңімпазы атанды.

Балғын чемпион кеншілер астана­сындағы №101 мектеп-гимназияның 6-сыны­бында оқиды. Жасы 11-ге биыл толған өрен спорттың бұл түрімен үш жыл­дан бері айналысады.

Әлем чемпионы Әли қазақтың бел­гілі ақыны, Абай атындағы Мемле­кеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұң­қарұлының Рауан есімді ұлынан туған немересі. Атасы немересінің айтқанды екі етпейтін елгезек екенін, сабаққа да, спортқа да уақыт тауып, бірдей үлгеріп жүретінін айтады.

«Әли бұдан бұрын да бірталай жарыс­қа қатысып, жүлде алып жүрді. Ол жекпе-жекке шыққанда, үйде тақымды қысып, шықпа жаным шықпамен отырамыз. Немерем жарыста намысшыл, ал өмір­дің өзінде мейірімді болып өсіп келеді», дейді әжесі Ғалия Бердібай.

Қазіргі уақытта Әли Ақсұңқар білікті бапкерлер Олжас Нұртаханов пен Айбар Ораза­лының қарамағында жаттығады. Бола­шақта ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп, жеңіс тұғы­рының ең биік сатысында тұрып еліміздің Әнұранын шырқатуды армандайды.

 

ҚАРАҒАНДЫ