ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
14 қараша күні Қазақстан аумағында 16 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Павлодар облысында - 4 науқас. Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Ақмола облысында - 2, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Тек Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.