• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Қараша, 2021

Президент қазақстандықтардың несие тарихына қатысты тапсырма берді

609 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктерден кредиттік бюроға ақпарат жіберу мерзімін қысқарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны өсіп барады. Тоғыз айда елде 32 мың алаяқтық фактісі тіркелген, олардың тең жартысы интернет арқылы жасалыпты.

«Кредит тарихындағы өзгерістер 15 жұмыс күні ішінде жаңаратындықтан, осындай жағдайлар болып жатады. Сонымен қатар бір адам түрлі банкте бірнеше кредит рәсімдейтін фактілер де кездеседі», деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.

Оның айтуынша, кредиторлар азаматтардың борыш жүктемесі күрт өскенін байқамайды және оны объективті түрде есептей де алмайды.

«Оның үстіне бұл қаржы нарығы субъектілеріне де теріс әсер етеді, өтімсіз қарыз портфелін ұлғайтады. Кеңес мүшесі Марат Шибұтов бұған дейін кредиттік бюроға ақпарат жіберу мерзімін заңнамалық тұрғыда бір жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынды. Бұл ұсынысты зерделеген жөн», деді Президент.