• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Қараша, 2021

Құқықтық мәдениет келешегі

587 рет
көрсетілді

Елордада «Қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы және оны жетіл­діру жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Жас­тардың құ­қықтық сауаттылығын арттыру» әлеуметтік жобасы аясында «Партиялық емес байқау орталығы» ұйымдастырды.

Талқылауға Қазақстанның жастар ұйым­дары­ның жетекшілері, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиынға қатысушылар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мүмкіндіктерін және олардың белсенді азаматтық позициясын, құқық бұзу­шылықтарға төзбеушілік қағидатын және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалып­тастыру, сондай-ақ өз білімі мен болашағы үшін жауапкершілікті ынталандыруды насихаттау жолдарын талқылады.

Спикерлер жастар қоғамдастығын дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламалар туралы айтып, жастардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктері туралы өз ойларын ортаға салады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жас қазақ­стандықтардың құқықтық санасын одан әрі арт­тыруға бағытталған практикалық ұсы­ныстар қабылданды.