• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2021

Қарағанды облысында бораннан көлік жолдары жабылды

327 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, бүгін сағат 18.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1847 шақырым аралығында, яғни Жұмабек ауылы мен Балқаш қаласы арасындағы («СП КазГерСтрой» ЖШС және «СІТІС Cоnstraction» реконструкциялау учаскесі) учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады», деді ведомстводан.