• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2021

«Тәуелсіздік ұрпағы» стартап байқауы өтті

302 рет
көрсетілді

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің SMART-орталығында өңір жастарының Tayelsizdik urpagy стартап-конкурсы мәреге жетті. Байқау мамыр айында жарияланып, оған қатысуға облыс мектептерінің жо­ғары сынып оқушыларынан, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жүзге тарта өтінім ке­ліп түскен.

Осылайша, конкурстың бірінші кезеңіне өткен ІТ-жобалар, ауыл шаруашылығы, тұрмысқа қажет құрал­дар мен технологиялар, мобильді қо­сымша, экология, өндірісті автоматтандыру, тамақ өндірісі сияқты салалар бойынша 63 бизнес-жоба қаралып, олардың ішінен ең үздік деген 19 жұмыс іріктеліп алынды.

Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша ұн мен крахмалдан ыдыс жасау­дың ерекше өндірісін ойлап тап­­қан Қостанай политехникалық кол­­лед­жінің студенті Карина Ромах бірінші орын мен 500 мың теңгелік ақша­лай сыйлықтың сертификатын алды. Жітіқара политехникалық кол­­лед­жі­нің студенті Иван Базаркин Bailanys.Con­ferencing атты бейнеконференция өткі­зуге арналған жаңа жүйе ұсынып, екінші орынға лайық деп танылды. Жүлдегер 300 мың теңгенің сертификатына ие болды. Ал үшінші орын мен 200 мың тең­ге ақшалай сыйлыққа ие болған А.Бай­тұрсынұлы атындағы Қостанай универ­ситетінің түлегі Ақылбек Аралбаев Golden Wear қазақстандық бренд киім­дерінің үлгісін көрсетті. Ісмердің айтуынша, бұл киім­дерді ТМД елдеріне экспорттауға болады.

Ал Қостанай политехникалық кол­лед­жінің оқытушысы Еркебұлан Төлегенов «Үміт күттіретін жоба» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Smart mirror деп аталатын басқарылатын интерактивті айна жасап шық­қан Ерке­­бұ­лан өз өнімдерін Қостанай уни­верситеті Smart-орталығының сауда алаңына бір жыл тегін орналастыратын болады.

 

Қостанай облысы