Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған әлемдік бәсеке Бразилияның Кампинас аймағында өтіп жатыр.
Екінші айналымда Скатов аргентиналық Андреа Коллариниді екі сетте жеңді. Кездесу 7:6, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің еншісіне шешілді.
Скатовтың ширек финалдағы қарсыласы жергілікті Тияго Монтейро болмақ.