• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қараша, 2021

Әскери F-35 ұшағы Жерорта теңізіне құлады

188 рет
көрсетілді

Британ Әскери-теңіз күштерінің F35 ұшағы Жерорта теңізіне құлады. Бұл туралы Egemen.kz Ұлыбританияның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламада ұшқыштың әуе кемесінен шығып үлгергені және аман-есен екені жайлы айтылған.

Оқиға әдеттегі рейс кезінде болған. 

Оқиғаға байланысты тергеу басталды. Қорғаныс министрлігі қосымша түсініктеме беруден бас тартты.