Дубайда каратэден ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай әлем біріншілігінің қола жүлдесіне таласады. Мөлдір төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, жартылай финалда германиялық Сара Кубрихке 1:2 есебімен жол берді.
Осылайша, Мөлдір үшінші орынға таласады.
60 келіге дейінгі салмақтағы Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Әжіқанов қолаға таласу мүмкіндігін алу үшін әлі бір кездесуден өткізеді.