• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Тағайындау 19 Қараша, 2021

«Атырау» клубына жаңа директор тағайындалады

230 рет
көрсетілді

Қазақстандық футбол менеджері Әлішер Апсалямов «Атырау» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz отандық спорт порталдары таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық жас маман облыс басшылығымен келіссөздер жүргізіп үлгерді, жақын күндері клуб ұжымына таныстырылатын болады. Бұған дейін Апсалямов алматылық «Қайраттың» бас директоры және уэльстік «Кардифф Сити» клубының менеджері қызметтерін атқарған.Ал, «Атыраудың» бұрынғы басшысы Қонысбай Шпанов пен спорт директоры Нұртаза Әбілхановтың клуб құрылымында қалу-қалмауы белгісіз.