• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2010

ҚЫЗМЕТТЕСТІК ҚЫРЛАРЫ СӨЗ БОЛДЫ

480 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Грузия сыртқы істер министрі Григол Вашадземен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық қарым-қаты­настарды дамыту перспективалары, атап айтқанда, қазақстандық ком­паниялардың Грузия экономика­сы­ның түрлі салаларына  атсалысуы және көлік, энергетика салаларын­дағы қызметтестікті ұлғайту, сондай-ақ инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері талқыланды. *  *  * Сол сияқты осы күні Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов авто­көліктерді техникалық байқаудан өткізу процедураларын жетілдіру және техникалық байқаудың диа­гностикалық стансалары жұмысы­ның сапасына бақылауды күшейту мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді.