Жергілікті әскери басқару органдары ел азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтауда.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, 2014 жылы 17 жасқа толатын жасөспірімдер есепке алынатын болады.
Бүгінгі таңда 80 мыңнан аса адамды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілді. Екі ай ішінде жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтті.
Бұл іс-шаралар әскери қызметке шақырылу жасына дейінгі жастарды әскер қатарына дайындауға мүмкіндік береді. Денсаулықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар берілді. Олар онда әскерге шақырылу жасына дейін денсаулықтарын түзете алады.
Сонымен қатар, әскерге шақыру пункттеріне тіркеу барысында жастар арасында әскери оқу орындарында білім алуға ниет білдіргендерге түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
«Егемен-ақпарат».