• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қараша, 2021

Регбиден Азия чемпионаты: Қазақстан Филиппинді ірі есеппен ұтты

298 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында регбиден әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер командасы топтағы екінші ойында ірі есеппен жеңіске жетті. Қазақстандықтар Филиппин командасымен кездесіп, 48:0 есебімен қарсыласты тізе бүктірді. 

Айта кетелік, алғашқы матчта Қазақстан Жапонияға 7:19 есебімен жол берген болатын. 

А тобында Қазақстан, Жапония, Филиппин және Таиланд командалары сынға түсуде.