Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Қазіргі уақытта 2 өңір «қызыл», 4 өңір «сары», қалған өңірлер «жасыл» аймақта, деп хабарлайды Egemen.kz.
2021 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.