• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 22 Қараша, 2021

«Қызыл кітапқа» енген құстарды заңсыз ұстаған азамат анықталды

797 рет
көрсетілді

Экология министрлігіне қарасты инспекторлар 18 сұңқар-ителгіні заңсыз ұстаған ел азаматын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«21 қараша күні аумақтық инспекция, Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары С.Б. Көшкінбаевтың топ жетекшілігімен бірлесіп, Қарасай ауданының «Мечта» бау-бақша қоғамының аумағындағы №93 учаскедегі контейнерден ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген 18 сұңқар-ителгінің заңсыз ұсталғанын анықтады», деп жазады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш оқиғаға қатысы бар ер адам ұсталды. Құстар тәркіленіп, уақытша бағып-қағу үшін «Сұңқар» ЖШС питомнигіне жеткізілді.

Заң бұзушылық Қарасай қалалық ПБ-не беріліп, 2021 жылғы 21 қарашада ақпаратты енгізу кітабында тіркелді.