• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Қараша, 2021

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 30 адам көз жұмды

170 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирус пен коронаирус белгілері бар пневмониядан 30 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 қарашадағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 288 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар – 82127, қайтыс болды – 5129, жазылып шықты 72994 науқас. Сондай-ақ министрлік дерегіне сәйкес, 23 қарашадағы бір тәулікте коронавирус 905 адамнан анықталды, 26 адам көз жұмды. 2020 жылғы 13 тамыздан барлығы: ауырды – 966 423, жазылды – 929 120, қайтыс болды 12 603 адам.