• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 24 Қараша, 2021

Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жектің шартын айтты

293 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналист Джош Катцовиц IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегі туралы пікірін білді, деп жазады Sports.kz.

Катцовиц өзінің Твиттерінде Геннадий Головкинмен сөйлесіп, одан «Канеломен» жекпе-жек туралы сұрағанын жазды. Сондай-ақ, журналист Головкиннен егер ол «Канеломен» күресуге тағы бір мүмкіндік алмаса, оның мансабында олқылық болады деп санай ма деп сұрады.

«Бұл менің мансабымда ешқандай олқылықтар қалдырмайды. Мен өзімді жайлы сезінемін. Мен үшін «Канелоға» қатысты бәрі түсінікті. Егер бұл жекпе-жек жеткілікті қызығушылық тудырса және бәрі қызығушылық танытқан кезде қайнау температурасына жетсе, онда ол өтеді. Мен ашықпын және оған дайынмын. Әрине, «Канелоның» не ойлайтынын ешкім білмейді», деп жауап берді боксшы Геннадий Головкин.