«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Еліміз аумағында күзгі құбылмалылық сақталса да, қыс өз дегенін көрсетіп отыр. Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасатын болады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды. Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 градус аязға дейін төмендейді», делінген синоптиктер хабарламасында.