Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Ол 2014 жылдың тамыз айынан бері Алматы облысының әкімі қызметін атқарған еді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.