• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2021

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

663 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының мәлихат депуттатары Желтоқсан оқиғасына қатысқан елордалықтарға әлеуметтік көмек көрсету жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы Астана қаласы мәлихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы сарапқа салынды.

Құжатты Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина таныстырды. Әкімдік өкілі жоба бойынша әлеуметтік қолдаудың мынадай шараларын ұсынды.

Олар:

Конституция күніне орай зейнеткерлер мен біржолғы төлем алушылар арасынан Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен тұлғаларға 2 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету; Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқаны үшін алатын жеңілдіктер әскери қимылға қатысушылармен теңестірілген тұлғаларға атаулы күндерде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін 30 АЕК-ке дейін өсіру; 1986 жылдың 17-18 желтоқсанындағы оқиғаларға қатысқан, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңының тәртібі бойынша ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарына санаториялық-курорттық емдеу, коммуналдық қызметтерді өтеу қызметін көрсету; Әлеуметтік маңызы бар сырқатқа шалдыққан адамдарға қатты отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру.

Мәслихат депутаттары шешімді бірауыздан мақұлдады..