Елімізде 24 адам Қазақстан есімімен аталса, 28 адам Семей қаласының атына ие, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ranking.kz хабарланғандай, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 19,1 млн адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға артық. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде халық саны 18,8 млн адамды құраған.
Халықтың басым бөлігі, яғни, 2,1 млн адам Алматы облысында тұрады. Одан кейін Түркістан облысы (2,1 млн адам) мен Алматы (2 млн адам) орналасты.
«Өңірлердің жетекші үштігіне Қазақстанда тұратын барлық қазақстандықтардың үштен бірі келді», делінген хабарламада.
Халық саны бойынша ең аз өңір Солтүстік Қазақстан облысы болып табылады - 539,4 мың адам.
18 қарашадағы жағдай бойынша біздің еліміздің атауын, яғни Қазақстан есімін 24 адам иеленді.
Анықталғандай, Қазақстан есімді адамдардың көпшілігі Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрады, әр өңірде алты адамнан.
Қарағанды облысында төрт Қазақстан, Қостанай облысында — үш, Шымкентте — екі, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында - бір-бірден тұрады.
Қазақстандықтар балаларды еліміздің ең ірі қалаларының құрметіне де атайды.
Мысалы, 28 адам Семей, 21 — Алматы, 18 — Түркістан деген есімдермен аталды.
Сонымен қатар, Қазақстанда Атырау атымен 15 адам, Тараз — 14, Қостанай — 12, Ақтау — 11, Нұр-Сұлтан - 10, Шымкент — үш, Ақтөбе мен Талдықорған деп бір адамнан аталды.