• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қараша, 2021

Елордада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

309 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир өтеді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Федерация мәліметінше, турнирдің басты мақсаты – елімізде жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау, спорттық резервті дайындау және Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің ұлттық құрама командасына түрлі халықаралық жарыстарға қатысуға үміткерлерді анықтау.

Турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерден 150-дан астам спортшы қатысады. Сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен де спортшылар келеді.

Спортшылар келесі жеңіл атлетика түрлері бойынша үздік атану үшін жарыс жолна шығады:

60 метрге жүгіру, 60 метрге кедергімен жүгіру, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 3 000 метрге спорттық жүріс, ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200 метр, 12 жеке түр + 1 эстафета және 4х200 метрге аралас эстафета.

Жарыстар 26-27 қараша аралығында елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.