Ферғана облысы Күштепа ауданында орналасқан №27 балабақшадан мәйіт табылды, деп жазады Egemen.kz өзбек басылымдарына сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, 20 қараша күні сағат 07:00 шамасында Ферғана облысы Күштепа ауданы «Қоргонча» махалласында орналасқан №27 балабақшадан мәйіт табылған.
Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы ер адамның көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болғанын көрсеткен.
Әкім арнайы комиссия құрып, жоғарыдағы оқиғаны жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Бұған дейін 17 қарашада Самарқанд облысының Пастдаргом ауданында контейнер ішінен екі адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Ол кезде де өлім химиялық улану салдарынан болғаны хабарланған.