• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2021

Ақмоланың Ерейментауы аумағына тікұшақ шұғыл қонды

197 рет
көрсетілді

«Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тікұшақ жедел шақыру бойынша Нұр-Сұлтаннан шығып, Екібастұз қаласына бара жатқан.

«2021 жылғы 26 қарашада ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша «Нұр-Сұлтан – Екібастұз» бағытында шыққан.

Алайда, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекенінің аумағында мәжбүрлі түрде қонды (Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 100 км). Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды. Мәжбүрлі қонудың алдын ала себебі - оң қозғалтқыштың тербелісі. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж бен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды. Ми-8АМТ тікұшағы кепілдікте тұр, өндіруші зауытпен бірлесіп әуе кемесінің инспекциясы орындалатын болады», деп түсіндірді«Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, бұл туралы бүгін сағат 12:40-та Ақмола облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына хабар түскен болатын.