• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Қараша, 2021

Ұлттық қордың активтері ҚР Ұлттық Банкіне қайтарылды

319 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерінен шамамен 536 млн АҚШ доллары сомасындағы тыйым салудың алынып тасталғаны және жоғарыда көрсетілген соманың Ұлттық Банктің иелігіне қайтарылғаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап тыйым салуда болды.

2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері тыйым салудан босатылды.