• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 27 Қараша, 2021

Қызылорда облысында 2 су қоймасын салуға қаржы бөлінеді

842 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында Қараөзек және Күміскеткен су қоймаларын салуға қомақты қаржы бөлінеді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызылорда облысының су шаруашылығы объектілеріне 2022 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлу жөніндегі депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. Қараөзек және Күміскеткен су қоймаларын салуға «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында 3,86 млрд теңге, оның ішінде 2023 жылға 1 млрд теңге және 2024 жылға 2,86 млрд теңге көзделген. 2022 жылы Күміскеткен су қоймасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау үшін 56 млн теңге және Қараөзек су қоймасының құрылыс жұмыстарын бастау үшін 500 млн теңге бөлу мәселелері 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қарастырылатын болады», деді Үкімет басшысы өз жауабында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, Жаңақорған ауданының 30 мың гектар суармалы егістік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің бағынысындағы жобалау ұйымы («Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы) Сырдария өзенінде су тоспасының құрылысын бірнеше конструктивті жобалық шешімдерімен салу мәселесін жан-жақты қарастырып, тиісті жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

«Алдын ала есептеулер бойынша Сырдария өзенінде су тоспа құрылысының құны 12-35 млрд теңге аралығында құрайтын болады. Экономикалық тиімді нұсқа ретінде үрлемелі су тоспасын салу қарастырылуда, алдын ала есеп бойынша оның құны 14,6 млрд теңгені құрайды. Сырдария өзенінде су тоспасын салу мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен (мемлекеттік инвестициялық ұсыныс әзірлеу және оған экономикалық қорытынды алу, техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу) іске асырылатын болады. Жалпы Қызылорда облысының су шаруашылығы мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында», деп атап өтті Асқар Мамин.